"Жыл мұғалімі-2022"
Қилы - қилы ойды ортаға салайық.
Сан - салалы асыл ойлар тоғысып,
Толғандырған жайды шешіп алайық.
Талас тусын жарқын ойлар жарқылдап,
Шағылыссын найзағайдай шартылдап.
Бойда қайрат, алда арман шақырған,
Қолдан әсем жалын атқан жастық шақ – дегендей сайысымыздың келесі кезеңін бастайық. Сынып ұжымымен, жалпы баламен жұмыс жасау барысында кездескен психологиялық жағдаяттардан шығу тапқырлығы мен ақылдылығын сынайтын сәт те келіп жетті.
(Сайыскерлер интерактивті тақтадан қажетті нөмірді таңдап, таңдаған нөмірге сәйкес сұраққа жағдаятты шешу ұсынылады. Ойлануға 2 минут.)
І Жүргізуші:
Өнерін көрсету (хобби)
«О, заманда ашқан қазақ өнер сырын,
Шақырған сайыстарға бірін - бірі.
Қарайық тамашалап жиылған жұрт,
Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін».
ІІ жүргізуші:
«Көрдім де соларды қызықтым ісіне,
Сан сұрақ оралды ұстаздың есіне.
Ұстаз кім?
Ұстаз ба ол – Ана!
Өмірде сені де, мені де қаққызбас ешкімге.
Ұстаз кім?
Мұғалім ол – Дана.
Шыңдаған ерлікке, дарытқан мол білім».
Әділ қазылар сайыс қорытындысын шығарғанша келесі кезекті тамаша әнге берейік.
Ән: «Жақсы адамдарым» әні, орындайтын Бейсебаева Гулнур, Бейсебаева Мадина. Қабыл алыңыздар!
І Жүргізуші:
«Арманға алда күткен асығамыз.
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Ұстаздар сайысының соңғы сөзін,
Естігенше біз енді асығамыз».
Сайысты қорытындылап оза шауып алға суырылып шыққан ұстаздың есімін бірге білейік. Сол үшін әділ қазы алқаларына сөз кезегін береміз.
ІІ Жүргізуші:
«ХХІ ғасыр – Білім ғасыры. Ендеше ғасырдың сайысынан қалMayық. Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл - қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршаMay, талMay еңбек етіп, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер. Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше күн нұрлы болсын!» – дейміз.