Ата-аналарға - №38 орта мектебі https://38-talgar.mektebi.kz/ ru Ата-аналарға - №38 орта мектебі DataLife Engine Ата-аналарға https://38-talgar.mektebi.kz/roditelyam/411-ata-analara.html https://38-talgar.mektebi.kz/roditelyam/411-ata-analara.html admin Tue, 24 Oct 2023 12:07:31 +0600 ҚҰРМЕТТІ БОЛАШАҚ БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫ! https://38-talgar.mektebi.kz/roditelyam/304-rmett-bolasha-brnsh-synyp-oushylaryny-ata-analary.html https://38-talgar.mektebi.kz/roditelyam/304-rmett-bolasha-brnsh-synyp-oushylaryny-ata-analary.html ]]> ]]> admin Wed, 27 Apr 2022 21:25:58 +0600 ҚҰРМЕТТІ БОЛАШАҚ БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫ! https://38-talgar.mektebi.kz/roditelyam/310-rmett-bolasha-brnsh-synyp-oushylaryny-ata-analary.html https://38-talgar.mektebi.kz/roditelyam/310-rmett-bolasha-brnsh-synyp-oushylaryny-ata-analary.html ]]> ]]> admin Fri, 01 Apr 2022 23:18:26 +0600 Covid - 19 жұқтыру қауіпін төмендету үшін бес алтын ереже https://38-talgar.mektebi.kz/roditelyam/186-covid-19-zhtyru-aupn-tmendetu-shn-bes-altyn-erezhe.html https://38-talgar.mektebi.kz/roditelyam/186-covid-19-zhtyru-aupn-tmendetu-shn-bes-altyn-erezhe.html
]]>

]]>
admin Sun, 28 Mar 2021 20:04:52 +0600
Жұқпалы тері аурулары https://38-talgar.mektebi.kz/oushylara/170-zhpaly-ter-aurulary.html https://38-talgar.mektebi.kz/oushylara/170-zhpaly-ter-aurulary.html

Тері аурулары

Қышыма қотыр (чесотка) терінің жұқпалы ауруы. Оны тарататын қоздырғыш қышыма қотыр кенесі. Ол адамның терісіне жұққан бойда, өзіне орын "қаза" бастайды. Ұрғашысы сол өзі "мекендеген" тұсқа жұмыртқа салады. Үш-төрт күннен кейін онысы құртқа (личинка) айналады. Қалай жұғады? Қышыма қотыры бар адаммен қарым-қатынас жасағанда, онымен төсек орынды, киім кешекті, орамалды сүлгіні, ысқыны (мочалка) т.б. заттарды бірге пайдаланғанда жұғады. Тиісті санитарлық тәртіп сақталмаса моншада, душта, жатақхана мен мейманханада да кышыма қотырға ұшырап қалуыңыз мүмкін. Қайтіп байқалады? Дененің кей тұсы бой бермей дуылдап кышиды, үстін түрлі түйіншектер, көпіршіктер, қанды қабыршақтар, тырнақ ізі басады. Мұндай жағдай аяқ-қолдың буын бүгілістерінен де, саусақ аралықтарынан да, тұла-бойдан да байқалады. Не істеу керек? Осындай белгі сезілді дегенше, уақыт оздырмай дәрігерге көріну керек. Қышыма қотырмен күресте дәрігерге уақытында көріну де, дер кезінде тыңғылықты емделу де, науқастың тұтынған заттарындағы паразиттің көзін жою да маңызды. Сақтану шаралары Қышыма қотырдан аман болудың басты жолы тазалық. Апта сайын суға түсіп, іш киімді жетісіне бір ауыстырып түру шарт. Әсіресе біреудің іш киімін, қолғабын киюден аулақ болыңыз. Қышыма қотырға шалдыққан адам ауруханаға жатпай, үйде емделсе, оның төсек-орыны, тұтынатын заттары басқалардікіне араластырылмайды. Кірлеген іш киімдері бөлек калтаға салынады. Оларды 1-2% сода ертіндісі немесе кез-келген ұнтак сабын қосылған, сақылдап қайнап тұрған суда 10 минуттай қайнатып жуу керек. Дезинфекциялық заттар болған жағдайда олар дәрігер айтқан ертіндіге ғана салынады. Сырт киім тек үтіктеліп қана киіледі. Науқас жатқан бөлме 2 пайыздық сабын-сода ертіндісімен күн сайын сүртіледі. Ауру кісіге күтім жасап әйтпесе жатқан жерін жинап болғаннан кейін қол мұкият түрде сабындалып жуылады. Моншаға, душқа түскенде легенді, орындық пен сөрелерді ыстық сумен ыждағаттап шаюды ұмытпаңыз. Басқаның ысқысын, сыпыртқысын (веник) пайдаланбаңыз. Қышыма қотырдан дәрігерге уақыт оздырмай көрініп, жеке бастық және қоғамдық тазалық талаптарын сақтаған адамның тез айығатыны жадыңызда жүрсін. Денсаулығын сактағысы келмейтін адам жоқ. Көп жағдайда бұл кісінің өзіне, денесін шынықтырып, саулығын қорғай білуіне байланысты. Дегенмен, балаға әке-шешеден берілетін, тұқым қуалайтын кеселдердің, бары да белгілі. Оларды туа біткен аурулар, — деп жатамыз. Сондай сырқаттардың "алдыңғы шептегілерінің" бірі — венералық індеттер, оның ішінде мерез (сифилис) бен соз (гонорея). Мұндай дерт біреуден біреуге негізінен жыныстық қатынас арқылы беріледі. Ерлі-зайыптылардың "серілік" құрып, бір-бірінің көзіне шөп салуы, кездейсоқ төсек ләззаты - кеселге тап болудың бірден-бір жолы. Мерезге де, созға да көбінесе мастар ұшырайды. Ондай кезде ұят-аят, адалдық деген мүлдем естен шығады. МЕРЕЗ Мерездің қоздырғышы — бозғылт спирохета (бледная спирохета). Әлгінде ескерткеніміздей, ол негізінен жыныстық қатынас арқылы жұғады. Алайда кейде басқа жағдайда да ұшырап қалуыңыз ғажап емес. Мәселен, мерезге шалдыққан адаммен бір ыдыс-аяқпен ас-су ішкенде, шылымының қалдығын тартқанда, т.б. Ауру жұққанан кейін білінгенше арада 3-4 аптадай уақыт өтеді. Бұл мезгіл сырқаттың жасырын кезеңі, инкубациялық кезең деп аталады. Бірақ мерезге ұшыраған адам осы "жасырын кезеңнің" өзінде-ақ басқалар үшін қауіпті, оның ауруы өзгелерге жұға береді (мысалы, төсектес жұбына). Қалай білінеді? Алдымен дененің микроб енген тұсына кішкентай жара шығады. Бұл жараны "қатты шанкр" дейді. Осы қатты шанкрға таяу лимфа түйіндері ісініп, ұлғаяды. Мерездің бастапқы кезеңіне тән белгілер, міне, осы. Сырқаттың екінші кезеңінде спирохета қан және лимфа түйіндері арқылы бүкіл тәнге жайылады. Науқастың денесін кызғылт дақ, түйін, ұсак ірінді жара басып кетеді. Бөрткендер бір жарым айдай уақыттан соң өзі-өзінен кетіп қалады. 

admin Thu, 25 Feb 2021 11:40:35 +0600
Қашықтықтан оқыту туралы ата-аналар жиналысы https://38-talgar.mektebi.kz/roditelyam/157-ashytytan-oytu-turaly-ata-analar-zhinalysy.html https://38-talgar.mektebi.kz/roditelyam/157-ashytytan-oytu-turaly-ata-analar-zhinalysy.html admin Mon, 20 Apr 2020 23:28:28 +0600 Қашықтан оқыту Call-орталық жұмыс жасауда https://38-talgar.mektebi.kz/roditelyam/154-ashytan-oytu-call-ortaly-zhmys-zhasauda.html https://38-talgar.mektebi.kz/roditelyam/154-ashytan-oytu-call-ortaly-zhmys-zhasauda.html
]]>

]]>
admin Mon, 20 Apr 2020 21:24:22 +0600
Мектеп колл центрі https://38-talgar.mektebi.kz/roditelyam/153-mektep-koll-centr.html https://38-talgar.mektebi.kz/roditelyam/153-mektep-koll-centr.html admin Mon, 20 Apr 2020 21:18:38 +0600 №38 орта мектептің психологтары өткізген Республикалық ата-аналар конференциясы https://38-talgar.mektebi.kz/roditelyam/104-38-orta-mektept-psihologtary-tkzgen-respublikaly-ata-analar-konferenciyasy.html https://38-talgar.mektebi.kz/roditelyam/104-38-orta-mektept-psihologtary-tkzgen-respublikaly-ata-analar-konferenciyasy.html

]]>
admin Tue, 15 Jan 2019 04:57:44 +0600
2017-2018 оқу жылындағы ата-аналар қауымдастығы https://38-talgar.mektebi.kz/roditelyam/43-2017-2018-ou-zhylynday-ata-analar-auymdastyy.html https://38-talgar.mektebi.kz/roditelyam/43-2017-2018-ou-zhylynday-ata-analar-auymdastyy.html

]]>
admin Thu, 22 Feb 2018 21:09:56 +0600