1-қыркүйек "Білім күніне" арналған "Мектебім-мейірімділік мекені" атты салтанатты жиын » №38 орта мектебі
"Алматы облысы Білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"№38 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 727-74-41-724
Есепші бөлімі:
+7 727-74-41-724
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-қыркүйек "Білім күніне" арналған "Мектебім-мейірімділік мекені" атты салтанатты жиын
01
сентябрь
2023

1-қыркүйек "Білім күніне" арналған "Мектебім-мейірімділік мекені" атты салтанатты жиын

Мектепте 2023-2024 жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында білімнің басымдылығы мен маңыздылығын және жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру мақсатында "Мектебім-мейірімділік мекені" атты салтанатты жиын  өтті. Жиынға 1-11 сынып оқушылары, ата-аналар, мектеп ұжымы қатысты.  Салтанатты жиын 1-сынып оқушыларын ұстаздарымен қарсы алумен басталып,  ҚР туы кіргізіліп, мемлекеттік гимн айтылды. Мектеп басшысы Г.Т.Тулемисова оқушылар мен ұстаздарды, ата-аналарды жаңа  оқу жылының басталуымен құттықтап, оқушылардың өткен оқу жылындағы жеткен жетістіктерін айта келіп, алдағы оқу жылында толағай табыстарға жетуге тілектестік білдірді. 1-сынып оқушылары өздерінің тақпақтарын айтып, 11-сынып оқушылары ізгі тілектерін өлең жолдарымен жеткізді, әндер айтылды. 
Сондай-ақ, барлық сыныптарда білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау мақсатында сынып сағаттары өтілді. Сынып сағаттары аясында оқушыларға білімге деген ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық, сондай-ақ жаңа оқу жылында рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамыту туралы бірлескен талқылау ұйымдастырылып, достық қарым-қатынастың, жауапкершілік пен бір-біріне деген құрметтің маңыздылығы туралы айтылды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив