"Жыл мұғалімі-2022" » №38 орта мектебі
"Алматы облысы Білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"№38 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 727-74-41-724
Есепші бөлімі:
+7 727-74-41-724
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
январь
2022

"Жыл мұғалімі-2022"

Қилы - қилы ойды ортаға салайық. 

Сан - салалы асыл ойлар тоғысып,

Толғандырған жайды шешіп алайық.

 Талас тусын жарқын ойлар жарқылдап, 

Шағылыссын найзағайдай шартылдап. 

Бойда қайрат, алда арман шақырған, 

Қолдан әсем жалын атқан жастық шақ – дегендей сайысымыздың келесі кезеңін бастайық. Сынып ұжымымен, жалпы баламен жұмыс жасау барысында кездескен психологиялық жағдаяттардан шығу тапқырлығы мен ақылдылығын сынайтын сәт те келіп жетті.

(Сайыскерлер интерактивті тақтадан қажетті нөмірді таңдап, таңдаған нөмірге сәйкес сұраққа жағдаятты шешу ұсынылады. Ойлануға 2 минут.)

І Жүргізуші: 

Өнерін көрсету  (хобби)

«О, заманда ашқан қазақ өнер сырын,
 Шақырған сайыстарға бірін - бірі.
 Қарайық тамашалап жиылған жұрт,
 Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін».

ІІ жүргізуші:

«Көрдім де соларды қызықтым ісіне, 

Сан сұрақ оралды ұстаздың есіне. 

Ұстаз кім? 

Ұстаз ба ол – Ана! 

Өмірде сені де, мені де қаққызбас ешкімге. 

Ұстаз кім?

 Мұғалім ол – Дана.

Шыңдаған ерлікке, дарытқан мол білім». 

Әділ қазылар сайыс қорытындысын шығарғанша келесі кезекті тамаша әнге берейік.

Ән: «Жақсы адамдарым» әні, орындайтын Бейсебаева Гулнур, Бейсебаева Мадина. Қабыл алыңыздар!

І Жүргізуші:

«Арманға алда күткен асығамыз. 

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

 Ұстаздар сайысының соңғы сөзін, 

Естігенше біз енді асығамыз».

     Сайысты қорытындылап оза шауып алға суырылып шыққан ұстаздың есімін бірге білейік. Сол үшін әділ қазы алқаларына сөз кезегін береміз.

ІІ Жүргізуші: 

     «ХХІ ғасыр – Білім ғасыры. Ендеше ғасырдың сайысынан қалмайық. Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл - қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер. Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше күн нұрлы болсын!» – дейміз.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив