«Жас ұлан» және «Жас Қыран» ұйымына қабылдау » №38 орта мектебі
"Алматы облысы Білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"№38 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 727-74-41-724
Есепші бөлімі:
+7 727-74-41-724
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жас ұлан» және «Жас Қыран» ұйымына қабылдау
04
декабрь
2024

«Жас ұлан» және «Жас Қыран» ұйымына қабылдау

04 желтоқсан күні тәуелсіздігіміздің 33 жылдығына орай республикалық біріңғай «Жас Ұлан» , «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті.            

Мақсаты : Өскелең жас ұрпақтың бойында  патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына,  Тәуелсіз Қазақстанның  бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.

Міндеті: Қазақ халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі менсаналығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбек сүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

«Жас ұлан» және «Жас Қыран» ұйымдарының рәміздері: ту, галстук, төсбелгі, аспан түстес пилотка, эмблема

 Ең алдымен фан-фара қойылып, жүргізушілер ұйымға қабылдау салтанатты жиынының ашылуын жариялады. Ішке ҚР туы кіргізіліп, Қазақстан Республикасының мелекеттік гимні орындалды. Гимннің орындалу барысында ,барлық қатысушылар мен мектеп әкәмшілігі, ұжымға қабылданған оқушылар мен сынып жетекшілер орындарынан тұрып, құрмет білдірді. Сондай –ақ мектеп президенті мен «өзін-өзі басқару» ұйымының әр мүшесі ұйымның мақсаты мен міндеттерімен жеке-жеке таныстырып өтті.

Қатысқандар: Мектеп әкімшілігі, ұстаздар ,сынып жетекшілер ,мектеп президенті және «Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелері,оқушылар.

    Іс-шара барысында 2 «а,ә,в» сынып оқушылары  «Жас Қыран» ұйымына , ал 5 «а,ә,в» сынып оқушылары «Жас Ұлан» ұйымына  қабылданды. 

Жиынның ең маңызды сәті ант тапсыру рәсімі орындалып, оқушыларға ұйымның төсбелгісі мен галстуктары тағылды.

Оқушыларға пилотка және  төсбелгілері мен аспан түстес галстуктар тағылып болған соң , құттықтау сөз мектеп директоры Тулемисова Галия Талаповнаға  берілді.  Жиын соңында  «Жас Ұлан» әнін хормен орындалды.

Жауаптылар: Педагог- ұйымдастырушы  Нурекеев С.Ж.  және «Өзін өзі басқару» ұйымының мүшелері.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив