«Жас жол инспекторы »
Мектебімізде 10 қазан «Тәуелсіздік және отаншылдық» құндылығына сәйкес мектеп инспекторы Н.Тұрсынжанов 5-7 сыныптар арасында «Жас жол инспекторы » байқауын өткізді.Жарысты өткізу мақсаты – оқушылар арасында жол жүру тәртібін оқып – үйрету. Балалардың қатысуымен жолда болған көлік апаттарының алдын – алу жөніндегі озық тәжрибені жинақтап қорыту және тарату. Топ 5-7 сынып оқушыларынан құралады. Команданың (топтың) өкілдері төрешілердің ісіне араласуға, жарыс кезеңінде бірге жүруге, жарысқа қатысуға құқы жоқ (тек төрешінің рұқсатымен ғана қатысуға болады) екендігін қатаң ескертіп өтті.
Конкурстық сайыстар бойынша бағалау шкаласы
1.Сапқа тұру ән айту сайысы - 35 балл
Жарысқа қатысушы 9 оқушы формамен түгел қатысады.
1.1 Төрешілер формасы бағалайды -3 балл ,
1.2 әскери сәлемдесу-3 балл,
1.3 Тік тұр, еркін тұр -3 балл
1.4 Жүргенде , тұрғанда ара қашықтықты сақтау-3 балл.
1.5 Бір орында тұрып бұрылу екі реттен -3 балл.
1.6 Жақын тұру, ара ашып тұру-3 балл
1.7 Бір лекті саптан екі лекті саппен жүру-3 балл.
1.8 Қозғалыстағы бұрылыстар орындалуы-3 балл.
1.9 Топтың аты, топтың ұраны (речевка)-3 балл
1.10 Командирға әскери сәлемдесу - 3 балл
1.11 Топ басшысына баяндат беру-5 балл.
2.Жолда жүру ережесінің білгірлері. 9 адам
Жарысқа қатысушы оқушылар өз кезектерін білген соң, көрсетілген орынға барады. Төреші жол ережесі бойынша тапсырма береді.
Жарысқа қатысушы өз парақтарына фамилясын, атын, мектебін алған тапсырмасына жауабын жазбаша жазады және тест шешеді-36 балл.
3.“ Жас санитар”-9 оқушы- 35 балл.
Әр қатысушы билет алады, билете 2 сұрақ. Жауап береді.
Бір сұрақ ”Медик- санитарлық дайындық“ кітабынан, 2-сұрақ жүргізушілердің емтихандық билетінен. 3-сұрақ практикалық тапсырма. Дұрыс жауаптары үшін бал қойылады.
4.“Командир” сайысы.
- Билет алып жауап береді.- 11 балл
Бас жүлде - 5 а сынып
I 6а, 5в
II 6 ә
III 5ә, 7в
Жарыс соңында сыныптар марапатталды.