02
сентябрь
2025
Мектебім - мейірім мекені
2025-2026 оқу жылында «Білім күні» 1 қыркүйекте, мектептің 1,11 сынып оқушыларының қатысуымен «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты шара форматында өткізілді .
Салтанатты шараның мақсаты: жаңа оқу жылының салтанатты ашылуын ұйымдастыру және білім алушылардың білім алуға ұмтылысын, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру.

Іс-шара барысында саптық жиын әнұранмен басталып, 1-сынып бүлдіршіндерін мектеп табалдырығына қабылдау рәсімі өткізіліп, мектеп директоры Г.Т.Тулемисова сөз сөйледі. Сонымен қатар ата-аналар құттықтауы болды. Өткізілген іс – шара фото суреттері мектептің әлеуметтік желі парақшасына салынды.
